Тоқаев оншақты судьяны қызметінен босатты

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағаларды, сот алқаларының төрағаларын және сот судьяларын тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат  «Әділет» АҚЖ-да жарияланды. 

Бірқатар өңірде ондаған судья қызметінен босатылды. Сонымен қатар сонша адам төраға, сот алқаларының төрағалары және сот судьялары болып тағайындалды.

Толық мәтінмен мына жерде танысуға болады.

Жарлық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.