Госпитальдар вакцина алғаннан кейін өлім аузында жатқандарға толды: Министрлік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

0

Желіде COVID-госпитальдары коронавирусқа қарсы вакцина алған науқастарға толы, олардың жағдайы ауыр және көбі өлім аузында жатыр, деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Бұ туралы stopfake.kz басылымы жазды.

“Қазақстанда екпе алған адамдар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркеліп жатқаны рас. Олардың саны өте аз. – Қазақстанда вакцина алған 3 246 795 адамның 0.05%-ы COVID-19-мен ауырған, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, ведомстводағылар індетті жұқтыру жағдайларының көбі препараттың тек бір ғана дозасын алуға үлгергендер арасында тіркелгенін атап өтті, яғни КВИ-ге қарсы иммунитет әлі толық қалыптаспаған.

Бұған дейін вакцина салдырғандар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары жайлы хабарланған. Мұндай құбылыстар жиі бола бермейді. Мысалы, АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша биылғы жылдың 21 маусымында вакцина алған адамдар арасында 4 115 науқас тіркелген. Бұл сол кезде егілген адамдардың жалпы санының 0.002% құрайды.

Бұл көрсеткіштер вакциналардың мәлімделген тиімділігіне сәйкес келеді. Pfizer/BioNTech препараты үшін ол 91%, Moderna – 94%, AstraZeneca – 74%, Спутник V – 92%, Синофарм (Hayat-Vax) – 73% құрайды.

Қазақстандық госпитальдар COVID-19-ға қарсы егілген өлім аузында жатқан және жағдайы ауыр науқастарға толы болуы ақылға сыймайды. Себебі елде індетті жұқтырған вакцинацияланған адамдар саны өте аз.