Илья Ильин: «Енді әкім болуға шешім қабылдадым»

0

Спорттық мансабын аяқтаған танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин саясатпен байыпты айналысуға бел буды, деп хабарлайды Vesti.kz . 

Атап айтқанда, «Жетінші арнадағы» «Студия 7» кешкі бағдарламасының тікелей эфирінде ол болашақта әкім қызметіне орналасуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Әрине, карьерамды аяқтар кезде ойландым. Бірден мемлекеттік қызметкер болсам ба дедім (әкім, депутат). Иә, ондай ойлар болды. Бірақ маған тәжірибе керек дегенге тоқтатдым. Сөйтіп бұл мақсатымды 42-43 жасыма қалдырдым. Қазір тәжірибе жинап жатырмын, өзімді танып, адамдарға білімімді беріп, сосын әкім болатын шығармын.

Қазір спорт кешенінің директорымын, онда балалар мен ересектер жаттығады. Онда спорттың 12 түрімен 700 адам шұғылданады. Ақырындап басқаруды үйреніп жатырмын. Бұл мемлекеттік қызметке теңестірілген. Тәжірибе жинап жатырмын», – дейді спортшы.