Екі белбеу үшін алғашқы жекпе-жегінде жеңген Ломаченко әлемдік рейтингте Головкиннен асып кетті
Кеше Ломаченко пуэрторикалық Хосе Педрасаны (25-2, 12 КО) нокдаунға түсіріп, карьерасындағы белбеулерді біріктіретін алғашқы жекпе-жегінде төрешілер шеімімен жеңіске жетті.
LOMAAAAAAAA WOW. Sniper down!!!!#LomaPedraza pic.twitter.com/KygLTKwGEG
— Top Rank Boxing (@trboxing) 9 декабря 2018 г.
Бұл жекпе-жекке дейін Ломаченко тізімде бесінші болып, қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усиктен (16-0, 12 КО) кейін тұрған.
Енді жаңартылған рейтингте Ломаченко үшінші, Усик — төртінші, ал Головкин — бесінші. BoxRec рейтингі статистикалық ықпалдар негізінде компьютермен есептеліп жасалатындықтан бірегей болып келеді.
BoxRec рейтингі:
1. Теренс Кроуфорд (АҚШ) — 1090 ұпай;
2. Сауль Альварес (Мексика) -1041;
3. Василий Ломаченко (Украина) — 846;
4. Александр Усик (Украина) — 826;
5. Геннадий Головкин (Қазақстан) — 814;
6. Луис Нери (Мексика) — 792;
7. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд) — 752;
8. Мигель Берчельт (Мексика) — 730;
9. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) — 682;
10. Лео Санта Крус (Мексика) — 672.