БҰҰ аштық басталған елдерді атады
Эфиопияда, Мадагаскарда, Оңтүстік Судан мен Йеменде жарты миллионнан астам адам аш. Бұл туралы 22 маусымда БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының есебінде айтылды.
Ұйым олардың жағдайын «жай қайғылы» деп сипаттады. БҰҰ-ны Нигерия мен Буркина-Фасодағы жағдай ерекше алаңдатты. Аштық билеген тұтас аудандар бар. Талдау көрсеткендей, 43 елде 41 миллион адам «аштық шегіне жетіп жатыр».
Екі жыл бұрын олардың саны 27 миллион болатын. Қазір тағы жарты миллион адам аштыққа ұқсас жағдайда өмір сүруде. БҰҰ сарапшылары аштық қақтығыстарға, климаттың өзгеруіне және экономикалық күйзелістерге байланысты күшейді деп санайды.
Негізгі азық-түлік тауарларына бағаның күрт өсуі жағдайды ушықтыра түсті. Жүгерінің әлемдік бағасы бір жыл ішінде 90 %-ға өсті, деп есептейді мамандар. Кейбір елдерде валютаның арзандауына байланысты аштық қаупі туындайды, делінген ДДСҰ есебінде. Ливан, Нигерия, Судан, Венесуэла және Зимбабведе азық-түлік бағалары секірді.
Осы жылдың наурыз айында БҰҰ әлемнің 20 елінде ашаршылық қаупі бар екенін ескертті. Бұл тізімге Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Венесуэла, Ливан, Сирия және Ауғанстан кірді. Өткен желтоқсанда БҰҰ-ның атқарушы директоры Дэвид Бизли 2021 жылы адамзат ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болды деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, 270 миллион адам аштықтан өлуі мүмкін. Өткен жылдың қараша айында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пандемияға байланысты аштықтың алдында тұрған адамдар саны 130 миллионға көбееді деп мәлімдеді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты