Қалқанды бездер | Скачать Реферат
МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандығы: Жалпы медицина
Пәні: Гистология — 2
Кафедрасы: Гистология, цитология және эмбриология
Курсы: 2
Тақырыбы: Жайылмалы эндокринді жүйе
Орындаған: Базарбаева А.А,
Топ : 202 А
Қабылдаған: Бердалинова А.К
Ақтөбе 2018 жыл.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Эндокринді жүйеге сипаттама
* Эндокринді жүйелер жіктелісі
* Ортаңғы мүшелер: Гипаталамус, Гипофиз, Эпифиз
* Шеткі мүшелер:Қалқанша және бүйрек үсті бездері
* Аралас бездер: — эндо-экзокринді кызмет аткаратын бездер: гонадалар
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Организм функциялары нерв және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады. Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін өзгертеді. Осы тақырыптан алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу бұзылуларын түсінуге қажет.
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді
Эндокринді гормондар табиғаты негізінен құрамындағы қосылыстарға байланысты:
а) аминқышқылды (олигопептид, пептид, белок, т.б.)
б) гликопротеидті;
в) стероидты (холестеринді туындылары бар).
Гормондар
Гормондар әсері, олармен әрекеттесуші рецепторлар табиғатына байланысты. Мысалы, нерв және бұлшық ет тоқымаларында рецепторлармен әрекеттеуші адреналин гормоны эффекті кейбір ағзаларда бұлшық ет қысқаруына, ал екіншілерінде бұлшық ет тоқымасының босаңсуына соқтырады. Оның себебі, тері асты терминалды бөлігіндегі тегіс бұлшық ет хұжайраларының — рецепторлары адреналинмен әрекеттеседі (адамдарда осы әсер арқылы шошып кетіп бозару құбылысы өтеді). Өкпе бронхиолдары бұлшық етіндегі В — рецепторлардың адреналинмен әрекеттесуі арқылы бұлшық ет тоқымасы босаңсиды. Сондай-ақ адреналин табиғатына АМР — молекуласының қосылуы әсер етеді, соның үшін: гликогеннің глюкозаға өзгеруіне себепші болады. (Старленді). Кейбір гормондар, белок синтезіндегі гендер жүйесі активтілігіне де әсер етеді. Мысалы, қалқан безі гормондары (стероидты) липидтермен әрекеттескенде ериді, полазматикалық мембранадан өтеді. Цитоплазмада гормон, арнаулы белокты рецепторлармен байланысады, гормон-рецептор комплексі сатылы реакциялар арқылы ядроға енеді. (А. Хэм, Д. Корман).
Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.
Гипаталамус дамуы
Дамуы. Ми негізінен (табаны) өсінді күйінде, гипофиздің арткы бөлімі дамиды, бездің қалған бөліктері эпителиалды және нейралды бөлімдерден бастама алады. Бас миы дамуының түтікше күйінде (эмбрионда) эктодермалды эпителийдің ауыз қуысымен жалғасатын жеріндегі бөртуден Ратка (гипофизарлық) калтасы құралады, одан соң эпителиалды қалташаға өзгереді (адиногипофизге — бастама құрайды). Бұл қалташаның бас миы бастаманың аралык көпіршігімен жанасуынан 3 ші қарынша түтігі құралады
Гипаталамус құрылысы
Гипофизарлық қалтаның алдыңғы қабырғасы кеңейіп, гипофиздің алдыңғы бөлігін құрайды, артқы кабырғасы аралық бөлігін құрайды. Алдыңғы және аралық бөлік ортасында жіңішке гипофизарлық қуыстық (қалта қалдығы) қалады. Адам эмбрионында алдыңғы және аралық бөлік қосылып кетеді (куыс жоқ). Түтікшенің (воронка) дисталды ұшының нейроглийлері — гипофиздің артқы бөлігін (нейрогипофизді) құрайды. Түтікшенің проксималды бөлігі жіңішкеріп, гипофизді гипоталамуспен жалғаушы гипофизарлык аяқшалар құрайды.
Гипофиздің ішкі құрылысы және орналасуы
Эпифиз
Дамуы. Адам эмбронында 5-6-шы аптада түтікшелі кезең аралық ми бөртуінен эпифиз қалыптасады. Хайуанаттарда домалақ ауыздылар, парапинеалды бөртпелер (эпителиалды нервті құрылыс) және жұнсыз маңдай симпатикалық нервтер арқылы сәуле тітіркенгіштігі эпифизге келеді. Эпифиз қабырғасы эпиндимдерінің бөртуінен қосымша субкомиссуралды ағза құралады (эпифиз құрамында болады).
Құрылысы.
Эпифиздің сыртқы жағын дәнекер тоқымалы капсула қоршаған, олардан без паренхимасына дәнекер тоқымалы тосқауылдар өтеді (құрамында қан тамырлары бар). Эпифизде 2 түрлі хұжайлар; пинелоциттер (паренхималы) және глиал хұжайлар бар.
Иннервациясы.
Мойын ганглийінен бастаушы эпифиздің наренхимасына (пинеалоциттер өндірілуші) келуші симпатикалық нерв талшықтарына импулстары эпивиздегі сиротониннің мелотонинге өзгеруін күшейтеді.
Жастық ерекшеліктері
Жас шамасы өзгеруіне қарай мысалы, адамда 5-6 жаста эпифиз жақсы қалыптасады, оның қызметі жас ұлғаюына қарай (ерлерде 60 жас, әйелдерде 60-65 жас) инвалюцияға ұшырайды, яғни: стромасы ұлғаяды, фосфатты және карбонатты тұздар көбейеді, олар қатпар-қатпар түйіршік түрінде болады ми құмы (топырақ) түйіршігі деп аталады.
Қалқанды бездер.
Дамуы. Адам эмбрионында 3-4-ші аптада түтікшелі кезеңде жабралы қалтаның 1-ші және 2-ші жұбы аралығында өңеш қабырғасының бөртуінен қалқанды без бастамасы құралады. Бұл бастама (бөртпе-бүршік) эпителиалдық тұтам күйінде өңеш ішегін бойлай өседі (ұлғаяды), жабралық қаттаның III-IV-жұбында эпителиалды тұтам ұлғайып қалқанды бездің оң және сол бөліктерінің қалыптасуына бастама болады. Алғашқы эпителиалды тұтам шығарушы түтікке сәйкес келуші құрылым жойылып (атрофиялану) қалқанды бездің екі бөлігін жалғастырушы жіпше ретінде, сондай-ақ тіл түбірінде шұқыр күйіндегі проксималды бөлім болып сақталып қалады. … жалғасы