10 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

0
қараша күз жаңбыр ағаш ауа
Фото: Site-made-in.odessa.ua

“Қазгидромет” РМК мамандары 10 желтоқсан күні болуы мүмкін ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы болжамды жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклонның шығуына байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік аймақтарда арагідік жауын-шашын болады, еліміздің қалған аумағында күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл көлі ауданында 18-23 м/с жел соғып, жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді, облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында арагідік тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz