Алматыда көше жарығы толық жаңартылады 

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Алматыда Қазақстандағы ең үлкен тұрғын үй қоры шоғырланған. 8 мың көппетәрлі тұрғын үйге 824 пәтер иелерінің кооперативтері қызмет көрсетеді. ПИК қаражатына бақылау жасау, шешімдер қабылдауда тұрғындардың рөлін арттыру мақсатында бііз тұрғын үй қорын ұстау бойынша ережелер қабылданды. Бүгінгі күні ПИК әкімдік пен қоғамның тұрақты қадағалауында. Соңғы үш жылда азаматтардың шағымы бойынша 700 астам тексеру жүргізіліп, 400 астам ескерту берілді және 230 айыппұл тағайындады. Мысалы, осы қыстың өзінде аула мен шатырлардағы қарды дұрыс тазаламағаны үшін 88 ПИК 4,3 млн теңгеге айыппұл салынды», — деді Байбек.

Қала әкімі Алматыда көшедегі энергия үнемдейтін жарық құралдары толық модернизацияланатынын айтты.

«Қазіргі уақыттың өзінде жарық шамдарының 30% жарық диодты шамдарға ауыстырылды. Алдағы бес жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көше шамдарының қалған 70% жаңартылады», — деді Бауыржан Байбек.

Алматы басшысы қала тұрғындары үшін қолайсыздық тудыратын түтін мәселесіне де тоқталды.

«Түтін проблемасы әлемнің барлық мегаполистерінде бар. Алматы да осы тізімде. Бұл мәселені шешуде біз үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенеміз. Жыл сайын жасыл ағаштар қорын арттырып, өзендер мен суаттарды қалпына келтіру жүргіземіз. Қоршаған ортаға түсетін қалдық заттардың 70 проценті көліктен болып отырғанын барлығымыз бәлеміз.Қазіргі уақытта қалада 500 мыңға жуық автокөлік бар және қала сыртынан тағы 250 мыңға жуық автокөлік келіп кіруде. Сол себепті, кешенді көлік реформасын жүргізу — өмір қажет етіп отырған талап», — деді әкім.

Бұған дейін қала басшысы «7-20-25» аясында Алматыда қанша пәтер несиесі мақұлданғаны туралы және тарифтердің арзандайтыны туралы айтқан болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ