Автобус жолақтары кептеліс кезінде ғана қоғамдық көлікке арналады

0

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан жолдарындағы Bus lane жолақтарының қалай жұмыс істейтінін айтты. Ол бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндады.

«Кейбір көшелерде біз арнайы режимге көштік, онда тек кептеліс уақытында автобус жолақтары ретінде жұмыс істейді, ал қалған уақытта – барлық көлікке қолжетімді болады.

Яғни, бұл шетелдік озық тәжірибе, Bus lane жолағына автобустар үшін 7:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді деп жазылады. Мұндай шешім Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да облыс орталықтарында қабылданды», – деді Е. Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері полиция 2,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайын анықтаған.