Қазақ театрының белгілі саңлағы өмірден озды
Белгілі театр саңлағы Сахан Әкелеев өмірден озды. Бұл туралы жазушы Думан Рамазан жазды.
Сахан Долдыұлы Әкелеев 1958 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шілікті ауылында туған.
14-тен астам музыкалық шығарманың әуені мен сөзінің авторы, оның ішінде: «Казақстаным», «Жастықдәурен», «Мөлдір сезім», «Жасұлан», «Ұлыма», «Алтын ұя мектебім». Қазақ, орыс және неміс (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. 1986 жылдан — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі оқытушысы. 1988 жылдан — Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қосалқы құрамының әртісі.
1993 жылдан — ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ән және би ансамблінің көркем жетекшісі, бас хормейстері. 2005 жылдан — Ж. Шанин атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының вокал дәріскері. 2006 жылдан — Қазақ спорт және туризм академиясының музыкалық жетекшісі.
2008 жылдан — Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жеке ән орындау кафедрасының аға оқытушысы. 2009 жылдан — Алматы қаласындағы «Шығыс Жұлдыздары» байқауының ұйымдастырушысы. 2010 жылдан бері — Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры.