Алматы облысындағы алқапта тамақ әзірлеген отбасы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

0

Алматы облысы, Қаскелең қаласының маңындағы алқапта ашық отқа тамақ пісірмек болған отбасы қатты күйік шалу диагнозымен жансақтау бөліміне түсті деп хабарлайды nur.kz.

Жарақат алған Шафыр Цейшанлоның анасы Фатиманың айтуынша, отбасы көкөніс өсіретін алқапта болған. Цейшанло — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Сартөбе ауылының тумасы. Отбасы жыл сайын көрші өңірдегі жерді жалдап тұрады екен. Фермерлер уақытша тұрғын үйде — қараусыз қалған автобуста тұрып келген.

Фатиманың айтуы бойынша, кешке алқапқа келген олар кешкі ас әзірлей бастайды. Алайда, күтпеген жерден өрт шығады. Нәтижесінде барлық отбасы мүшелерін қатты күйік шалған. Отбасының үш мүшесі бүгінде жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде хабарланғандай, өрт 8 маусымда сағат 21.30 шамасында, Қарасай ауданының Мерей ауылынан алты шақырым жерде болған.

«Азаматтар алқапта жүргенде, далада, ашық отта тамақ әзірлеу кезінде су құйылған ыдысты тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыспен шатастырып алған. Нәтижесінде жалын айналаны шарпып өткен, алайда өрттің одан әрі тұтануы болмаған. Оқыс жағдай салдарынан 1981, 1987, 2006 және 2019 жылғы төрт адамды күйік шалып, олар Қарасай ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлады департаментте.

Сол арада облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді. 1981, 2006, 2019 жылдары туылған үш пациентке беті, басы, жоғарғы және төменгі қолдары күйген деген диагноз қойылған. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.

Фатиманың айтуы бойынша, 1987 жылы туылған науқас — Шафыр Цейшанлоның әйелі, беті мен екі қолын күйдірген. Қазір әйел амбулаторлық жағдайда емделуде, бірақ бүгін енесі оны қатты ауырсынуларға шыдай алмағасын ауруханаға алып барған.

Фатиманың отбасына көмек беремін десеңіз, +7 771 494 73 83 телефонына Фатимаға қоңырау шала аласыз.