“100 адам шақырып, 3 күн тойлайды”: Полякқа ұзатылған қазақ қызы ондағы тойы туралы айтты

0

Солтүстік қазақстандық Анар Кыдыкова инженер-эколог мамандығын Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып, кейін білімін жетілдіру үшін, магистратураға Ұлыбританияға аттанған.

Тағдырдың жазуымен тұманды Альбион елінде ол болашақ жары, поляк азаматы Марчин Оржелді кездестіріп, онымен отбасын құру туралы шешімге келген.

Петропавлдық Анар Кыдыкова болашақ жары Марчин Оржелмен танысу сайты арқылы кездестірдім дейді.

Бүгінде поляк азаматы Анарға үйлену туралы ұсынып айтып, жастар отбасын құруды жоспарлап жүр екен.

 

Болашақ жарым Марчин рекрутингтік салада қызмет етеді. Ол бірде-бір рет Қазақстанда әлі болмады. Десе де Марчин біздің елге тездетіп келіп, жергілікті салт-дәстүрмен танысқысы келеді.

Ол әсіресе жылқы етінің дәмін көріп, білгісі келіп жүр. Ата-аналарымызға келер болсақ, біздің бірге болуымыз туралы шешімді екі жақ та жақсы қабылдады.

Өзім Солтүстік Қазақстанның тумасы болғандықтан, біздің жақта өзге ұлттың өкілдері көп тұрады және әкем жақтан өзге ұлтқа тұрмысқа шығып немесе келін алған туыстарым да бар. Сол себепті ата-анам, туыстарым қарсы болмады. Ал Марчиннің ата-анасымен былтыр таныстық, олар да біздің шешімімізді жылы қабылдады. Жалпы солтүстікте поляктар көп болғандықтан, біздің дәстүр, тағамдардан айтарлықтай айырмашылық көрмедім. Бәрі біздікімен бірдей десем болады”,-дейді Анар Кыдыкова.

 

 

 

Бір қызығы Анардың айтуынша поляктарда да қазақтардағыдай ұлан-асыр үйлену тойы жасалады екен.

Польшада 100 немесе одан да көп адамды үйлену тойына шақырып, оны 2-3 күн бойы атап өтеді. Болашақ жарымның отбасында да ондай жоспар бар шығар. Бірақ маған салса, мен ондай көп адамның келуін қаламас едім. Меніңше жастардың үйлену тойын артық шығынсыз, жақын деген адамдар мен туған-туыстың арасында атап өткен дұрыс. Әрине бәрі уақыттың еншісінде, әзірге біз үйлену тойымыздың қалай өтетінін жоспарлап жүрміз”,-дейді 32 жастағы ару.

Сонымен бірге ол болашақ жарына алғаш рет қазақтың бауырсағының да дәмін татқызғанын атап өтті.

“Поляктарда да біздегі сияқты борщ, түрлі сорпалар мен котлет және т.б. тағамдарды сүйіп жейді. Мен бірде жолдасыма бауырсақ пісіріп бергенмін. Ол оның дәмін өздерінің “пончиктерінің” дәміне ұқсатты.

Бірақ Қазақстанға келген уақытта мен оған міндетті түрде бешбармақ, палау және т.б. ұлттық тағамдардың ауыз тигізгім келеді. Оған біздің тағамдар мен дәстүрдің бәрі өте қызық”,-дейді Анар Кыдыкова.

32 жастағы ару бүгінде өз мамандығынан бөлек, психология саласына толығымен бет бұрған. Қазақ қызы бала күнімнен осы мамандық иесі болуды армандадым дейді. Сондай-ақ ол психолог маман ретінде ерлі-зайыптылар үшін, отбасыны қалай сақтап қалудың құпиясымен бөлісті. “Психологияға мен өз басымда қиын кезеңдер болған уақытта келдім. Себебі осы қиын кезеңді тездетіп еңсергім келді.

Сөйтіп екі жыл бұрын екінші мамандық ретінде психология мамандығын таңдап, білімімді Ресей мен Чехияда жетілдірдім, қазір адамдарға психологиялық кеңес берумен айналысамын. Психолог ретінде отбасын құрғысы келіп жүрген жастарға айтарым, жұптарыңыздан өзіңіздің арманыңыз бен қиялыңыздағы адамды көруге асықпаңыздар, оларды сол болмыс-бітімімен қабылдауға тырысу керек”,-дейді ол.

kaz.nur.kz