Семейлік ұстаздар бір күндік жалақысын аударып, жетім қызға пәтер алып берді
2018 жылғы 8 желтоқсан 19:57 392
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат — Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған бойжеткенге бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Құны 2 млн 700 мың теңге тұратын бұл пәтер Семейдің Шығыс кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан. Қомақты қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің барлық қызметкері Назеркенің жеке шотына бір күндік жалақыларын аударған екен.
Назерке Қостаева аталмыш оқу орнын «Педагог-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша былтыр ғана бітірген болатын. Оқып жүрген кезінде колледждің жатақханасында тұрған. Енді міне ол өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп отыр.