«КамАЗ» Тасмағамбетовтың билікке келуі жайлы пікір білдірді
Иманғали Тасмағамбетов «КамАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесіне тәуелсіз кандидат ретінде кірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Компанияның директорлар кеңесіне «Ростек» мемлекеттік корпорациясынан үміткерлер сайланды: Сергей Чемезов, Игорь Завьялов, Анатолий Эдуардович Сердюков, Сергей Анатольевич Когогин, «Автоинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен — Рубен Карленович Варданян, Виталий Львович Мащицкий, Михаил Яковлевич Броитман, Daimler Truck AG кандидаттары — Ян Крениг, Вольфрам Шмид, «Связинвестнефтехим» АҚ — Алексей Валериевич Песошин, сондай-ақ екі тәуелсіз үміткер — Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы және Пузырков Кирилл Юрьевич», — делінген ақпаратта.
Еске салайық, Тасмағамбетов КамАЗ директорлар кеңесінің құрамына кіреді, бұл наурыз айының ортасында белгілі болды . 6 маусымда оның ресейлік компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғандығы туралы хабарланды — тиісті шешім 4 маусымда өткен жалпы жиналыста қабылданды.
Тасмағамбетов Қазақстанның бірінші президентінің көмекшісі, премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр, білім және мәдениет министрі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары — президент әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, әр кезде Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау облыстарының әкімі болған, сондай-ақ қорғаныс министрі қызметін атқарды.
2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеді.