Жүрегі тоқтап қалған: танымал қазақстандық футболшы қайтыс болды
Станислав Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) 28 жасында қайтыс болды.
View this post on Instagram
Танымал спортшының жүрегі тоқтап қалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Лунин 2020 жылы денсаулығының сыр бере бастағанын атап өткен болатын. Пандемияға байланысты футболшы емделуге мүмкіндігі болмай, ол спорттан кетуге шешім қабылдады. Лунин сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін өзінің туған жері Өскеменде отбасылық кәсіппен айналысатынын айтқан болатын.
Станислав Лунин спорттағы алғашқы қадамын Өскеменнің «Восток» клубында бастады, кейін ол қарағандылық «Шахтер», алматылық «Қайрат» және Павлодардың «Ертіс» клубында ойнады.
Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды.