500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды
ҰБТ-да тестілеуден 85 мың бітіруші өтті, оның 500-інің нәтижелері жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару — ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-дің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ — ТЕСТ БАЗАСЫ КҮНДЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ! КҮНДЕ ЖАҢА СҰРАҚТАРДЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ШЕШІЛІП, БАҒДАРЛАМАҒА КІРГІЗІЛЕДІ! Өзіңізді алдамаңыздар», — деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында .
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың 1 қыркүйекте мектепке баратын-бармайтынына жауап берген болатын . «Келесі оқу жылы қашықтық форматта болуы мүмкін емес», — деп қосты ол.