Батканың басы 11 млн еуро: Беларусь оппозициясы Лукашенконың басына бәс тікті

0

Беларусь оппозиционері Валерий Цепкало Беларусь қауіпсіздік қызметкерлеріне президент Александр Лукашенконың қамауға алынғаны үшін 11 миллион еуро төлеуге уәде берді. Бұл туралы ол YouTube-тағы видео-хабарламасында мәлімдеді.

Ол барлығына «бірінші нөмірлі қылмыскерді» ұстағаны үшін сыйақы үшін ақша аударуға мүмкіндік беретін арнайы технология жасалғанын айтты. Лукашенко ұсталғаннан кейін ғана арнайы шотқа ақша (11 миллион еуро) түседі.

Цепкало жоспарларының сәтті болатынына сенім білдірді. «Мен беларусьтік мемлекеттік жүйеде көптеген лайықты, принципиалды адамдар бар екеніне сенімдімін, олар үшін халыққа қызмет ету, заңға қызмет ету бос сөз емес», — деді ол. Жоғары технологиялар паркінің негізін қалаушы Валерий Цепкало 2020 жылы өтетін Беларусь президенттік сайлауға қатысқысы келді, бірақ тіркелмеген. Ол өзіне қарсы тергеу басталғаннан кейін елден кетіп қалған.

Беларусь президенті Лукашенко жаңа санкциялар қаупіне және өркениетті әлемнен мүлдем оқшаулану қаупіне қарамастан, өз елінің ішіндегі «бұрандаларды қатайтуды» жалғастыруда. Журналист Роман Протасевичпен ұшақты айдап әкеткеннен кейін, оның басқа әріптестеріне қатысты билік қаламаған сот басталды. Беларусь азаматтары қатты қорқады, өйткені олар өз режимді нығайту үшін Лукашенко ең қатаң шараларды қабылдауға дайын екенін көріп отыр.

Осылайша, Беларусь президенттік режиміне қарсы жаппай наразылықтар қайта жалғаспайды, сондай қорытындыға келіп отыр сарапшылар. Олар екі негізгі себепті атайды: 1. Лукашенко елдегі билікті сақтап қалуға көмектесетін күш блогын күшейтті; 2. Наразылықтардың белсенді кезеңі 2020 жылы болды, психологиялық тұрғыдан беларусьтар шаршады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты