Мен заңды әрекет жасадым: Лукашенко Ryanair ұшағына қатысты түсініктеме берді
Александр Лукашенко Швейцария Ryanair ұшағына мина қойылғаны туралы ақпарат бергенін мәлімдеді.
Бұл туралы “Пул первого” телеграмм арнасында жарияланды.
Лукашенко парламентшілермен, конституциялық комиссия мүшелерімен және Беларуссияның мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесу кезінде Ryanair ұшағына қатысты мәлімдеме жасаған.
Ол ұшақты МиГ-29 жойғыш ұшақпен қонуға мәжбүрлеген деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Ұшаққа жарылғыш зат бар деген ақпарат Швейцариядан келіп түсті. Ұшақ БелАЭС маңында орналастырылды. Беларусь әлемнің бейбіт елдері жасайтын әрекеттің барлығын істеді. Мен заңды әрекет жасадым, барлық халықаралық ережелерге сәйкес адамдарды қорғау үшін ұшақ жедел қондырылды», — дейді Лукашенко.
Ол жойғыш ұшақтың міндеті — байланыс қамтамасыз ету және жолаушылар ұшағын қондыру екенін айтты.
«Біз не істеуіміз керек еді? Біздің нысандарға қауіп төніп тұрғандықтан осындай шешім қабылдадық. Сіздер Беларусьте күн сайын мектептер, университеттер мен кәсіпорындарға бомба қойылып жатқанын білесіздер. Сонымен қатар, Польша, Литва және Латвиядағы ұшақтарды IP-адрестер арқылы анықтап, бомба қойылғанын көріп жүрсіздер. Біз алған ақпаратты тексеріп, қажетті шаралар қабылдадық», — деді Лукашенко.
Сондай-ақ, Александр Лукашенко Минск әуежайында жолаушылардың қамалмағанын айтты.
«Экипаж бен жолаушылар әуежайда ұсталды деген де жалған ақпарат. Экипаж 7 сағат бойы біреумен сөйлесіп, өздері ұшқылары келген жоқ», — деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ryanair авиакомпаниясы кеше Афинадан Вильнюске тұрақты рейс жасау кезінде, Минскіге қонды. Беларусь билігі ұшақ қонбаса, оны миналауға дайын екенін жеткізген. Бомба туралы ақпарат кейіннен расталмады.