Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды
акциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды. Олардың жиынтық пайдасы $19,3 млрд құрайды. Бұл туралы KzNews ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.
Кейбір деректер бойынша бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті болар еді. Ең көп табыс тапқан Мoderna және BioNTech басшылары. Сонымен қатар миллиардерлер тізіміне келесілер кірді:
* иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд.)
* Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд.)
* Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд.)
*ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд.)
* қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд.) * CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд)
* СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).
ДДҰ Сovid-19-дан болған өлім жағдайларын бағалады. Статистика ресми деректерден бірнеше есе жоғары болды. Анығында 6-8 млн адамның көз жұмуы мүмкін деп мәлімделген еді. ДДҰ бас директорының деректер және аналитика жөніндегі көмекшісі Самира Асма келесі мәліметтерді хабарлады: «коронавирус салдарынан болған 3,4 миллион өлім жағдайлары қайта қаралуы мүмкін, нақты саны 6-8 млн адам болуы ықтимал».
Ресейлік вакциналарды өндірушілер Сovid-19 вакцинасының өндірістік қуаттылығының артқаны туралы хабарлады. «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы қуаттылықты айына 1,1 млн дозаға дейін арттырды. Өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш айына 20 мың дозаны құрады. Өз кезегінде РҒА Чумаков атындағы орталықтың директоры Айдар Ишмухаметов «КовиВак» вакцинасының өндірісі жылына 7-8 млн дозаға дейін өсетінін айтты. Көрсеткіштерді жабдықтарды жаңғырту есебінен арттыру көзделіп отыр.
Германия вакциналарды кедей елдерге тарату бағдарламасына қосымша 100 миллион еуро бөледі. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель хабарлады. Ол Германияның COVAX бағдарламасына қосқан үлесі 1 млрд еуродан асқанын атап өтті. Канцлер сонымен қатар Берлин дәрі-дәрмек өндірушілерінен уәде етілген көлемді алса, жыл соңына дейін кедей елдерге вакцинаның 30 миллион дозасын үлестіретіндігін жеткізді.