Парамен ұсталған Шөкеевтың орынбасары: Облыс әкімдігі түсініктеме берді

0

Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат таралды. Облысы әкімдігінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді.

Мырзалиев қазір ауруханада жатыр делінген хабарламада.

Telegram каналдар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Каналдың ақпараты бойынша, әкім пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі әзірге мұндай ақпарат жоқ деп мәлімдеді. Облыс әкімдігінде Мырзалиев ауруханада жатқанын айтты.

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде ауруханада жатыр. Ол гипертониялық кризис диагнозы қойылған аймақтағы ауруханалардың біріне орналастырылған. Артық түсіндірме бермеулеріңіз сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, — делінген әкімдік хабарламасында.