Балаларды өлімге алып келетін қауіпті өнім аталды

0

Өрік пен шабдалының дәні балалардың өміріне қауіп тудырады. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников айтты.

Дәрігердің айтуы бойынша, өрік пен шабдалы дәнінде қозғалмалы улы сұйықтық — гидроций қышқылы бар.

«Балалар өрік пен шабдалының дәнін таспен шағып жейтінін барлығымыз білеміз. Бірақ дәндегі гидроциан қышқылы улы болғандықтан, баланың өміріне қауіп тудыруы мүмкін. Әсіресе жаз мезгілінде дәннен уланып, көз жұмантын балалардың саны күрт артып кетеді», — деді Мясников.

Өз кезегінде биолог, биология ғылымдарының кандидаты Екатерина Баранова балалардың шабдалыға аллергиясы жиі болатындығын атап өтті.

«Көптеген адамдар шабдалы жеуге қорқады. Бірақ шабдалыны қайнатып, қабығын аршып тастасаңыз, аллергия тудыру ықтималдығы төмендейді», — дейді Баранова.