Лев Лещенко шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді — новости Казахстана
Ресейдің танымал әншісі Лев Лещенко Мәскеудегі «Мир» концерт залынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Әртіс бүкіл ресейлік «На Благо Мира» байқауының финалында өнер көрсетуі тиіс болған деп хабарлайды Дни.ру порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, әнші сахна сыртынды өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыруға тура келген.
Еске сала кетейік, Лещенконың денсаулығы кейде сыр беріп тұрады. Мәселен 2014 жылы әнші осылайша саханадан ауруханаға жеткізілген. Ол кезде Израильде дәрігерлер өнер иесіне мойын омыртақасының жарығы диагнозын қойған.
Дәрігерлер егер сырқаттың алдын алмаса ол тіпті сал ауруына әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Сол кезде Лещенко шұғыл ота жасатып, жарығын алдырған еді. Ал мойынға титан мен никельден имплант қойылған.
Айта кетейік, жұмыс кестесі тығыз әнші 1 желтоқсанда «Песня года» фестивалінде өнер көрсетіп, биыл 40 жыл болған Родная земля» әнін орындаған болатын.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар