Өрттен Қарағанды облысының 56 жастағы тұрғыны қаза тапты
2018 жылғы 8 желтоқсан 12:30 59
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Кеше кешкісін Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар 7 желтоқсан күні 18:50-де келіп түскен.
Жалын №3 пәтерде тұтанып, артынша көрші екі пәтерге және шатырға өткен. Жалпы, 100 шаршы метр аумақ отқа оранған.
Өртті сөндіруге 27 адам және 7 арнаулы техника жұмылдырылды. Өрт 19:54-те ауыздықталып, 20:15-те толықтай сөндірілген.