Бұл қалыпты жағдай: Лавров ресейлік саясаткерлердің даулы пікірлеріне түсініктеме берді
«Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты үнемі теріс пікір айтушылар тек өздеріне назар аудартқысы келеді. Анығында Қазақстанмен қарым-қатынасты айқындайтын көшбасшы тұлғалар мұндайға жол бермейді және ешқашан олай жасамайды да». Бұл туралы KzNews порталы Хабар 24 арасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Хабар» Агенттігінің» басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
«Қазақстан Ресейдің ең жақын досы әрі стратегиялық серіктесі екенін жақсы білеміз. Соған қарамастан, Ресейде белгілі бір ортадағы саясаткерлер арандатушылық бағытта мәлімдемелер жасап жүр. Неліктен бұлай болып жатыр? Себебі неде? Сергей Лавров»
Лавров мырзаның айтуынша бұл демократиялық құндылықтың бір түрі. Бұл қалыпты жағдай екен.
Ресейдің Сыртқы істер министрі:
«Саясаткерлер мансабын әртүрлі жасайды. Сенсациялық мәлімдемеге құмарлары бар. Қоғамда пікір туғызатын жайттарды көтеріп, есте сақталып қалғысы келеді. «Бастысы, газеттің алғашқы бетіне шықсақ болды», дегендей. Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға деген көзқарасын айқындайтын нағыз көшбасшылар мұндай қадамға бармайды. Ешқашан олай жасамайды да. Өйткені ол одақтастығымызға, арада жасалған келісімдерге сай келмейді.
Біз бір-біріміздің тәуелсіздігіміз, аумақтық тұтастықтығымыз, саяси көзқарастарымызды сыйлауымыз керек. Қарым-қатынасты Мемлекет басшылары қол қойған құжаттар, Парламенттер бекіткен заңдар, халықаралық құқық нормалар негізінде жалғастырамыз. Осындай арандатушылық бағыттағы мәлімдемелер демократияның бір құндылықтарына айналып кетті. Олар тек белгілі бір ортада талқыланып қалуы қажет. Нақты саясатқа келгенде арандатушылық болмайды деп сендіремін.»