Мессидің ауғанстандық фанатына өлім қаупі төніп тұр
Футболдан Аргентина мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің жас фанаты жеті жасар ауғанстандық Муртаза Ахмадидің өміріне қауіп төніп тұр.
Радикалдық «Талибан» қозғалысының содырлары Ахмади мен оның отбасын қорқытқан. Осының кесірінен этникалық хазарлардан құралған Ахмадидің отбасы Кабул қаласына көшіп баруға мәжбүр болған. Содырлар бұлардың этникалық шығу тегін ғана емес, жеті жасар баланы да сылтау етіп, өлтіреміз деп қорқытатын көрінеді.
Еске сала кетсек, жеті жасар бала Мессидің аты-жөнін пластикалық пакетке қолдан жазып алып ойнаған соң бүкіл әлемнің назарын аударған еді. Нәтижесінде футболшы 2017 жылдың желтоқсан айында Катарда өзінің фанатымен кездесіп, оған доп пен ойын жейдесін сыйға тартқан болатын.
Абай Аймағамбет