Италиядағы рэп-концертте алты адам қаза тауып, 60-тан астамы ауруханаға түсті
2018 жылғы 8 желтоқсан 13:01 65
АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше түнде Италияның шығыс жағалауында орналасқан Анкона қаласындағы түнгі клубта болған рэп-концертте кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си.
Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, залдағы қайғылы оқиғаға газ баллонынан шыққан газ себеп болуы мүмкін.
Reppublica басылымының жазуынша, қайтыс болғандардың бесеуі жасөспірім — екі бозбала және үш қыз, ал алтыншысы концертке қызымен келген әйел. Сондай-ақ жүзден астам адам зардап шеккен болуы мүмкін, 12-сі қазір ауруханада хал үстінде жатыр.
Бірақ бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған отыр. Жергілікті құтқарушылар Туиттерде ондаған адамның зардап шеккенін мәлімдегенімен, ешқандай нақты цифр айтқан жоқ.