«Байбектің әйелі — группаласым»: судья Жоламанова өз шындығын айтты

0

Жұмыс орнынан 4500 доллар, үйінен 2,8 млн доллар, машинасынан 600 000 доллар тәркіленді деп күдікке ілінгені жайлы ақпарат тарап, кейін 10 мың АҚШ долларына өзгерген Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жоламанова іске қатысты өз пікірін білдірді

Светлана Жоламанова өзінің кінәсіз екенін, бұл оған жасалып жатқан қысым екенін айтқан видеоны Ratel.kz сайты жариялады. Видео материалда:

  • «Жұмыс орнынан 4500 доллар, үйден 2,8 млн доллар, көліктен табылған 600 000 доллар тәркіленді деген жалған ақпарат. Бұл ҰҚҚ қызметкері мен соттың төрағасы тарапынан жасалған арандатушылық»;
  • «Сейфтен табылған 10 000 доллар жинақ ақшасы»;
  • «Ешқандай жеке көлігінің жоғы»;
  • «Қазір қамауға алынбағаны және пара алды деп күдікті болып табылмайтыны»;
  • «Бауыржан Байбектің жары Жанар Байбекпен қарым қатынасы»;
  • «Жұмыс орнына заңсыз видеокамера орнатылғаны» жөнінде айтылады.