Баян Алагөзова жарнамалаған: Жұрт жаппай полицияға арыз жазып жатыр
200-ге жуық алматылық тендерден пайда көремін деп, Astex.kz компаниясына құйған 2 миллиардын қайтара алмай жүр. Ақшамен қоса компания қожайыны да ұшты-күйлі жоқ, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.
Тендерден пайда табатын мекемені бірігіп құрған туған бауыры жауап беруден ат-тонын ала қашты.
Олардың мақтауын асырып, өзгелерді инвестиция құюға продюсер Баян Алагөзова жарнама жасаған. Алданғанын енді түсінген жұрт жаппай полицияға арыз жазып жатыр.