«Бәрі қиын». Қылмыскерлер «Канелоның» ағасын титулды жекпе-жек алдында кепілге алыпты
Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (55-1-2, 37 KO) In Depth with Graham Bensinger бағдарламасына берген сұхбатында ағасын кепілден босату керек боғланы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оқиға 2018 жылы WBA «регуляр» чемпионы британиялық Рокки Филдингпен жекпе-жекке бір-екі күн қалғанда болған. Альварестің сөзінше, ол үш күн бойы Мексикадағы қылмыскерлермен келіссөз жүргізген.
«Ол сұмырайлармен босатыңдар деп үш күн келіссөз жүргіздім. Ал сенбіде менде жекпе-жек еді, оның алдында және одан кейін мыңдаған сұхбат болды. Бұл туралы ешкім сол күйі білген жоқ. Мені көргенде бәрі, әрине, оған бәрі оңай деп ойлайды. Бірақ өмірде оңай ештеңе жоқ. Бәрі қиын», — дейді Альварес.