Итке арналған вакцинаны адамға салған

0

Былтыр осындай оқиға орын алған. Шындық енді шықты.

Еңбек министрлігінің өкілдері жергілікті мал дәрігерлік клиниканы тексеруге келіп, маска тақпаған қызметкерлерге ескерту жасалған кезде, олар коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын ескертіпті деп жазды newsroom.kz.

Анықтай келгенде, мәлім болды. Әлгі азаматтарға клиниканың мал дәрігері вакцина салғаны белгілі болды. Бірақ ол адамдарға емес, итке арналған препаратты қолданған. Тексеру кезінде тағы бір мал дәрігерлік клиникада да осындай оқиғалардың болғаны анықталды. Әзірге иттерге арналған екпені 75 адамның қабылдағаны белгілі.

Мария Фернанда Муноз, мал дәрігері:

Егер иттерге арналған вакцина адамдар үшін қауіпті болса, онда неге осы күнге дейін бізге ештеңе болған жоқ? Мамандар келіп, қанымның сараптамасын жасасын. Мен өзіме және әріптестеріме екпе салдым. Ешқайсысы коронавируспен ауырған жоқ.