Шағын автобустардың соқтығысуынан 17 адам қаза тапты

0
Шағын автобустардың соқтығысуынан 17 адам қаза тапты


Боливияның батысында екі шағын автобустың соқтығысуынан 17 адам қаза тапқан.

Жергілікті полиция мәліметінше, Ла-пас пен Ачакачи қалалары арасындағы жолда апат болған. Қаза болғандар ішінде 9 ер адам, 7 әйел және алдын-ала деректер бойынша 4 жасар бала болған. Оқиға орнында дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, жан түршігерлік апатқа жүргізушілердің бірі жылдамдықты арттырып, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткені себеп болған. Зардап шеккендердің саны 10-нан асады. Оларды ауруханаға жеткізген. Бұл қанды апаттың барлық мән-жайлары анықталып жатыр.