Дәрігер Шымкент инфекциялық ауруханасындағы адам шошырлық жағдайды көрсетті (видео)
Шымкенттің бас санитарлық дәрігері коронавирустық инфекциямен күресу қалай жүзеге асып жатқанын және ауруаналардағы қазіргі жағдайды айтып берді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов желідегі парақшасында видео жариялады. Видеода ол Асар шағынауданында орналасқан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында екенін айтады. Оның айтуынша, мұнда коронавирус жұқтырған науқастар жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz жазды.
«Реанимация бөлімінде көптеген науқастар жатыр, олардың көпшілігі 25, 30 және 40 жас аралығындағы жастар. Олардың жағдайы қазір өте ауыр. Мен баршаңызды өз өмірлеріңізді қатерге тікпеуге және вакцинациялауға шақырамын. Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салғызу керек. Шымкенттегі барлық мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерде сіз Sputnik V вакцинасын тегін салдыра аласыз», — дейді дәрігер.
Кадрлардан бөлімдегі барлық кереуеттер толы екенін байқауға болады. Олардың бір бөлігі желдеткішке қосылған. Сондай-ақ, бейнеде механикалық желдету кезінде де тыныс алу қиынға соғатын науқас көрсетілген.
Бақытжан Позилов видеоға қатысты түсініктеме берді. Ол видеоны 15 сәуірде түсіргенін айтты.
«Мен сіздерді тезірек COVID-19 вакцинасын алуға шақырамын. Бүгінгі күні вакцинация — қауіпті жұқпалы аурудан қорғанудың бірден-бір тиімді әдісі болып табылады. Вакцинация аурудан және асқынулардан сақтануға мүмкіндік береді. Осылайша бізге көмектесіңіз! Біз вирусты тек осылай жеңе аламыз», — деді Позилов.
View this post on Instagram