Әйел екі басы мен үш қолы бар қызды дүниеге әкелді
Үндістанның Одиша (Орисса) штатындағы Кани ауылының тұрғыны жекеменшік перзентханада екі басы мен үш қолы бар нәресте туды.
Қыз 11 сәуірде Умакант Парида және оның әйелі Амбиканың отбасында дүниеге келді.
Баланың дүниеге келуі үшін аурухана дәрігерлері анасына кесар тілігін жасады. Осыдан кейін ол аудандық ауруханаға ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жаңа туған нәресте екі аузымен тамақтанады және екі мұрнымен тыныс алады. Негізінде, ол үш қол және екі аяғымен бір денеге біріктірілген апалы-сіңлі», — деді аудандық педиатр дәрігер Дебашис Саху.
Қазір баланың жағдайы жақсы. Ол мамандандырылған ему үшін Каттак қаласындағы Сардар Валлабхай Пател атындағы педиатрия институтына жіберілді.
Қыздың әкесі мемлекеттен қызын емдеуге көмек сұрады.