«Өлі не тірі екені белгісіз»: Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев әкесінің сүйегін тапсам деп армандайды

0

Саясаттанушы Санжар Боқаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді.Әлі күнге әкесінің өлі немесе тірі екендігін білмейтін саясаттанушы сұхбат барысында көз жасына ерік берді. 

«Ең қиын оқиға, сол 1990 жылдары жұмыс жоқ кезеңдерде халық жұмыс іздеп қаңғып кетті. Менің де әкем заводта ұста болған, өндіріс саласындағы мықты адам болған. Тіпті жүргізуші болып та жұмыс жасаған. Сол кезде әкеміз үйден жұмыс істеп айлап та жоқ болып кететін еді. Пияз тасыған тіпті, Ресейден басқа елге, басқа елден тағы басқа елге тасып камаз айдап жүретін. Сол бойы әкеміз үйге оралған жоқ. Оның екі туған бауыры өмірден өтті. Іздедік қатты, бірақ таппадық. Газеттерге де бердік іздеу жариялап. Нәтиже жоқ. Егер әкем тірі болса, осы уақытқа дейін келер еді. Білем ғой мен өз әкемді келер еді. Әкемнен маған екі галстук қалды, әлі күнге дейін оларды тағамын. Ата-анамыз жанымызда болса, оларды ақтық сапарға шығарып салғанның өзі бір бақыт, бір ғанибет екен…» — деп көзіне жас алды.

nege.kz