Елорда әкімі жол сапасын сынға алды

0

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жолдардың сапасын сынға алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

 

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Көшелерді тексеру барысы жолдардың сапалы орындалмағанын көрсетеді. Кейбір жолдардың жөнделгеніне әлі 3-4 жыл толмады, алайда жөндеу жұмыстарын қайта жүргізу керек! Тұрғындардың шағымдары негізделген. Бейінді басқарманың міндеті тек мердігерлік ұйымдарды анықтау үшін конкурс өткізіп қана қою емес, сонымен бірге жолдың сапасын, ұзақ уақыт қызмет көрсетуін қамтамасыз ету! Адамдарға қолайлы жағдай жасау, – деді әкім.

 

Алтай Көлгінов көлік және жол – көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына жол шұңқырларын жөндеуді жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ жолдарды орташа жөндеуге кірісу қажеттігін айтты.

– Бейінді басқарма мен жол қызметкерлеріне қойылған талап жоғары, сұраныс та жоғары болмақ! Сапасыз жұмыстар қабылданбайды. Жосықсыз мердігерлерді сотқа беріп, қара тізімге енгіземіз. «Қазавтожолға» ескерту жасалды. Жөндеуде сапасыз материалдарды пайдалануға жол берілмейді, – деп сендірді әкім.

– Асфальтобетон зауытының жұмысын іске қосамыз. Бұл жол жұмыстарының қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жол құрылысы стратегиялық бағытқа жатады. Қалада өмір сүруге жайлы жағдай жасау маңызды. Былтыр 170-тен астам көше жөнделді. Оның 100-і – елді мекендерде. Биыл да былтырғы көрсеткіштен кем түспей, жұмыс атқарамыз.