Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады — новости Казахстана
Антициклон ықпалынынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батыс және оңтүстік аудандарында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшейі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Түркістан облысының кей бөліктерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.