Үндістанда автобус жарға құлап, 11 адам қайтыс болды

0

Лоран елді мекенінен Пунчқа бара жатқан автобус Пунч округінде жан түршігерлік жол апатына ұшыраған.

«19 адам апат салдарынан жарақат алған. Жағдайы ауыр бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау департаментінің өкілі Саид Муштак Хуссейн.

Қазір келеңсіз жағдайдың себеп- салдары тексеріліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат