ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЫ БАСЫМ | «Айқын» газеті

0

Мемлекет басшысы өзінің Конституциялық міндеті аясын­да дайындалған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан хал­қына кезекті Жолдауын арна­ды. Елбасы Жолдауы қоғам үшін саяси маңызы бар оқиғалардың бірі. Өйткені бұл құжатта мемлекетіміздің барлық саласындағы басты бағыттар айқындалады.

Жолдауда қазақстан­дық­тар­дың әл-әуқатын жақсарту мәселесін іске асыру жолдары көрсетілген. Жолдаудың ерекше­лігі, әлеуметтік бағдары басым. Адам және оның ыңғайлы өмір сүруі мемлекеттің басты мақ­са­тына айналу қажеттігі ата­­лып өтті. Сөзсіз, Жолдауда жа­рия­ланған іс-шаралардың іске асырылуы Қазақстанда адам – мемлекеттің басты құнды­лығы екенін дәлел­дей­ді. Қазақ­стандық қоғамда әлеу­­мет­­тік сатының ауқымды плат­­­фор­ма­сын қалыптастыру керек. Ең бастысы, қиындыққа қара­­мастан, мемлекеттің халық алдын­дағы әлеуметтік мін­дет­теме­ле­рін толық орын­дауы тиіс еке­нін Елбасы тағы бір қадап айтт­ы.
Жаңа ғасыр әлем елдері­нің алдына жаңа мақсат-міндет қойып отыр. Олардың маңыз­ды­лары – Төртінші индустриялық төңкеріс, инновациялық эко­но­­­микалық даму, жаhандық сын-қатерлерге дұрыс жауап қай­тару, өркениетіміздің руха­ни құндылықтардың дағда­ры­сын жеңіп шығу тағы басқа Прези­дент­тің айтуынша, еліміз­дің алдында тұрған үлкен сын­нан, жауапты емтиханнан дұрыс өту керек.
Заманымыздың күрделі мәсе­­л­елерін тиімді шешу жол­дары Жолдауда баяндалды. Солардың ішінде ең маңызды мәселелер білім және ғылым саласына байланысты. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауат­ты елге айналуымыз керек. Сапалы білім, инновация­лық бағдарламалар, ғылыми жобалар, зияткерлік қауым қалыптастыру, үштілді бағдар­ла­маларды оқу ісіне енгізу қазіргі күн талабы. Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автоно­мия­ға біртіндеп көшіру мәселесі жос­парлы түрде шешілу қа­жет. Әсіресе, Ұстаздар күні «Пе­­дагог мәртебесі туралы» заң қабылданатыны туралы ха­бар мыңдаған білім саласы қыз­­мет­кер­леріне жақсы шабыт берді.
Елбасы әлемде болып жат­қан саяси оқиғалар жөнін­дегі пікірімен бөліскен бола­тын. Бұл мемлекетіміздің сая­си жағдайының дамуына байланысты туындаған мәселе екені баршаға мәлім. Бү­гін­­гі танда әлемде саяси жағдай күрт өзгеріп келеді. Сондықтан мем­­лекеттің саяси жүйесі заман тала­бына сай, әлемдік тәжі­ри­беге сүйе­ніп үнемі өзгеріп отырғаны жөн.
Жолдауда «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» атты страте­гия­лық бағдар­ла­ма­ларды іске асыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар Жол­дау­да жаңа ұлттық идея – «Мәң­гілік ел» идеясын, рухани жаңғы­ру бағытын одан ары дамы­ту қажеттігі айтылды. Осы жолда қазақ ұлты қөшбасшы халыққа айналуы қажет. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбіт пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Соңғы жылдары жарияланған бағдарламалар мен бастамаларды әрі қарай жалғастырып қой­май, оның айналасын жаңа мазмұнмен, жаңа бағытпен кеңейту қажеттігін атап өтті.
Ерекше тоқталатын мәселе, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғаны. Жастардың бар­лық санатын қолдауға қадам жа­салады. Жастар мен отба­сы инс­титутын кешенді қол­дау – мемлекет саясатының басым­ды­лы­ғына айналуы тиіс.

Зәуре КАРТОВА,
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі