Полиция қызметкерлеріне вакцинаны мәжбүрлеп екпекші болды
Әлеуметтік желілерде Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұлов өзінің барлық бағыныштыларына коронавирусқа қарсы вакцинаны егуді бұйырған аудиожазба таратылуда. Бірден айта кету керек, екпені мәжбүрлеу заңсыз, деп хабарлайды ORDA.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жазбадағы дауыс Ерболат Досмағұловқа тиесілі екенін растады – ол оны WhatsApp мессенджеріндегі қызметтік чатқа жіберді:
— Бәріне ескертіп айтамын. Вакциналау міндетті түрде. Қазірден бастап алып қалындар. Ескертіп айтамын(!) «Мен бармаймын, бас тартамын» деген әңгіме болмау керек. Ертен барлығыңызға өту керек болады. Салдырмасаңыздар жеке құжаттарыңыз өтпейтін болады. Екінші кезеңін өткеннен кейін бәріңізге құжат береді. Вакцинадан өтті деген. Оны естеріңізге сақтаңыздар. Бәрің вакцина салдыру керексіндер. Тек қана созылмалы жүрек ауруы бар адамдарға ғана салдырмауға рұқсат.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда екпеден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.
Кейінірек, NURKZ ютуб арнасында полицейдің жағдайға түсініктеме берген бейнесі жарияланды: