Олигарх, Home Credit Bank иесі ұшақ апатынан қаза тапты
27 наурызда Аляскада Чехиядағы ең бай адам, 56 жастағы миллиардер Петр Келлнер тікұшақ апатынан қайтыс болды. Келлнердің қайтыс болғанын ол басқаратын қор өкілі растады. Бұл туралы Азаттық жазды.
Келлнер отырған тікұшақ мұздықтың маңына құлаған. Апаттан аман қалған бір ер адам Аляска орталығы Анкоридждегі ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Келлнер — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның қаржылық нарығында істейтін Home Credit Bank-ін (Хоум кредит банк) PPF қаржылық тобы арқылы басқарады (компанияның 2019 жылдық есебі бойынша миллиардер акцияның 99 пайызға жуығын иеленген). Бұл коммерциялық банк Ресей, Чехия, Словакия, Қытай, Индонезиямен қатар Қазақстанда да жұмыс істейді. Банктің өзі әлем бойынша 119 млн клиенті барын мәлімдеген. Forbes Келлнердің байлығын шамамен 10 млрд долларға бағалаған.
PPF-ке сонымен бірге Чехиядағы O2 байланыс операторы, Молдовадағы танымал арналардың бірі ProTV тиесілі.
Чехиядағы ең бай адамдардың тізімінде тұрғанына қарамастан Келлнер ақпарат құралдарына өте сирек сұхбат берген. Ол сұхбаттарының бірінде отбасымен бірге оңаша өмір сүру мүмкіндігін қатты бағалайтынын айтқан. Ол ең белсенді спорт түрлерін, атап айтқанда таң шаңғысын ұнататынын айтқан.