Сәкен Майғазиев: Мені «жемқор» деп дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін
Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшылығына барған Сәкен Майғазиев соңғы уақытта сын астында қалды. Өзін бюджет қаржысын жұмсады деп айыптағандар табылды. Әнші өзіне негізсіз айып таққандар сот алдына жауап беретінін ескертті.
«Хадисте «бір адам бір мұсылман жайында ол жасамағанды жасады деп жала жапса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Аллаһ тағала оны тозаққа тастайды» делінген. «Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ», деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам. Рухымды көтеріп, сенім білдіріп жатқан жандарға АЛЛА тағала бар жақсылықты нәсіп етсін», — деп жазды Майғазиев.
Желідегі оқырмандап екі топқа бөлініп, бірі әншіні жақтады, бірі мақтады. Әнші өзіне қолдау білдіргендер алғысын білдірді.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор», дегендей, «жасыл» аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы.
Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді.
Сәкен Майғазиев мемлекеттен бөлінген 572 миллион теңгені жұмсады дегендерге жауап берді
Ал жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, «жемқор», тонады», деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін. Жала жабылып, жапа шеккен пендесі мен ЖАРАТУШЫ арасында перде болмайды (дұғасы қабыл) екен. Қарғыс алмай, алғыс алайық, ардақтыларым», — деп жазды әнші.
Майғазиев өзіне негізсіз айып таққандарды сотқа беруге дайын. Өзін дәлелсіз айыптағандар заң бойынша жауап береді деп ескертті.
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес», дейді ұлы Абайдың өзі. Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем. Бүгін Бараат түні. Барша дұға-тілектер қабыл болсын. Құшақтадым!», — деп жазды Майғазиев.
Бұған дейін Сәкен Майғазиев мемлекеттен бөлінген 572 миллион теңгені жұмсады дегендерге жауап берді. Бюджеттен бөлінген қаржы мен концерте бөлінген қаражат туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.