Санжар Боқаев: Алматы тарихындағы ең нашар әкімдер Храпунов, Сағынтаев және Байбек

0

Саясаттану докторы, PhD Санжар Боқаев неліктен халықтың Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын емес, үстіндегі күртесін сөз етіп жатқанын түсіндіруге тырысты. Ол мұны қала әкімдігінің жұмыс сапасымен байланыстырды.

«Жаңалық: «Сағынтаев айналып өтті». Бұл жаңалықтың мән-мағынасын түсіне алар емеспін. Ол қаланы күн сайын айналып өтуге міндетті. Адамдардың неге Б. Сағынтаевтың толстовкасының бағасын әңгіме етіп жатқанын білесіз бе? Өйткені жұмыста мазмұн жеткіліксіз.

Есімовтің кезінде қалай болғанын еске түсіріп отырмын. Әр сенбі сайын Ахметжан Смағұлұлы екі ауданды бойлай да, көлденең де аралап шығатын. Ол ішінде басқарма жетекшілері мен аудан әкімдері отыратын қарапайым микроавтобус Фольсваген мінетін. Ешкімді ертпей қаланы 8 сағат бойы аралайды. Ешқандай БАҚ-сыз және пиарсыз. Бағытты өзі айтып отыратын еді.

Ешкім маршрутты алдын ала білмейтін, сол себептен дайындалып та үлгермейтін. (Мұны сол кездегі барлық басқарма басшысы растай алады). Ол автобуста қалай «ыстық» болды десеңізші… Көп жетекшіге проблеманың көзін жоюға тек дүйсенбіге дейін уақыт берілді. Себебі, ол таңғы сағат 8-дегі аппарат жиналасында міндетті түрде ескертулер мен проблемалардың қаншалықты түзетілгенін сұрайтын. Сол кезде мен ішкі саясат басқармасының жетекшісі болдым, қаланы шын басқарудың қандай болатынын өз көзіммен көрдім.

Есімовтің кезінде метро аяқталды. Басқа әкімдер салмаған мектептер мен ауруханаларды тұрғызды. Бұл жазбам арқылы Есімов жақсы, ал Сағынтаев жаман деп айтқым келген жоқ. Әкімдіктен кеткен 6 жыл ішінде Есімовтің жұмысына зияным тиіп кетпесін деп ол туралы бір де бір рет жазбадым. Сағынтаевтың немесе Байбектің жұмысына ешбір баға беріп көрген емеспін. Оларды салыстыруға болмайды, әр жетекшінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ең басты ой еліміздегі жас жетекшілердің көп уақытты пиарға жұмсайтындығында, осының салдарынан жұмыс тұрақтап қалады. Бірақ пиардың не екенін білмейтін Есімов секілділер де бар.

Қазір қала жетекшілігінің жұмысына баға бермеймін. Қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері ретінде бұл орынсыз болады. Бірақ қала тағдыры мен жай-күйі мен әрдайым ойландырады», — деп қорытты сөзін Санжар Боқаев.

«Жақында менің әріптесім, белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің Telegram-арнасында сауалнама жүргізді. Алматы тарихындағы ең нашар әкімдер Храпунов, Сағынтаев және Байбек болып шықты. Сонымен, ең жақсылар — Есімов, Тасмағамбетов және Нұрқаділов.