Ләйлә Сұлтанқызы: Ол қызды аямаса, заң да қылмыскерді аямасын. Ең қатаң жаза берілсін
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтарды дүрліктірген өлімге қатысты пікір білдірді.
«19 жасар қыз өлем деп ойлады ма?! Аяжанды аямады азғын. Дене мүшелерін бөлшектепті дегенді оқып жаның түршігеді. Ешкімді кінәлағың келмейді. Бірақ біздің қоғамда осындай жағдай орын алғанына бәріміз кінәліміз.
Айналымызға ізгілік таратудың орына қастандық жасау, ғайбаттау, ұрып-соғу, зорлау, өлтіру деген көп. Балаң үшін уайымдайсың, жасы 18-ге толса да, айнала толған зұлымдық. Қалай қорғанамыз? Не істейміз? Не дейміз?
Бір нәрсені анық айта алам: Ол қызды аямаса, заң да қылмыскерді аямасын. Ең қатаң жаза берілсін. Басқа айтарға сөз жоқ. Ата-анасына Алла сабыр берсін. Қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды Сұлтанқызы.