НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫ: ЖОЛАУШЫ ТРАНЗИТІ КӨБЕЙДІ

0

Елімізде әуе қатынасы транзиті жақсарып келеді. Астана мен Алматы арқылы барлық бағыттарда әуе сапарлары жиілей түскені – осының айғағы. Қазақстан әуежайларының транзиттік терминалға айналғаны көңіл қуантады. Біз бүгін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы технологиялармен жабдықталып, жаңғыртылған Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы туралы айтамыз.

Тарихы 1931 жылы кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін ашылған әуежайдан басталатын нысан бүгіндері Еуразиядағы ең заманауи әуежайлардың біріне айнал­ды. Үкіметтің № 381-20.06.2017 қаулысына сәй­кес, Астана халықаралық әуежайы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есі­­мімен аталды.
Халықаралық әуе­жайдың басқар­ма төрағасы Рәділбек Әдимолданың ай­ту­ынша, жыл сайын ас­та­налықтар мен қала қонақтарының кө­бейіп келе жатыр екен.
«Әуежайдағы бұрынғы терминалдың өт­кізу қуаты 3,6 млн жолаушыға арналған бо­латын. Бұл жолаушы тасқынын игеруге то­лық мүмкіндік бермейтін. Сон­дық­тан елордада «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа терминал құрылысы қолға алынды. 2017 жылдың
31 мамырында Мемлекет басшысы Астана әуежайының жалпы ауданы 47 мың шар­шы метр болатын жаңа терминалды пай­далануға беру салтанатына қатысты. Со­дан бері әуежайдың ескі ғимаратынан ішкі рейс­тер ұшырылып, жаңа терминал xа­лықаралық рейстерге қызмет көрсетіп ке­леді», – дейді Рәділбек Өкенұлы.
Оның айтуынша, EXPO – 2017 ха­лықаралық мамандандырылған көрме қар­саңында салынған халықаралық T1 тер­миналының ауданы – 47 мың шаршы метр. Құны – 60 млрд теңге. Құрылыс ба­рысында жаңа терминалдың құрылысы, перрон мен станция алаңын қалпына келтіру, 5 деңгейлі терминал, 6 телеско­пиялық баспалдақ, 8 жер серігі, 3 кө­пір, 27 лифт және 36 эскалатор жұ­мыс­тары жасалды. Жаңа терминалда Қа­зақ­стан­дағы заманауи багаж тасым­алдау жүйесі орнатылды. Ол ЕО – 2020 стандартта­ры­на сәйкес келеді және са­ға­тына 1200 дана багажды басқара алады. Жүктерді өткізу жүйесінің басты ерек­ше­лігі – қауіпті ­жүк­тер автоматты түрде бір­ден басқа жолақ­пен кетеді де, қауіпсіз аймаққа шығарылады.


Терминалда 50 паспорттық бақылау ка­бинасы, 26 тіркеу орны және 4 өзін-өзі тіркеу терминалы, 812 автокөлікке ар­нал­ған тұрағы бар станса алаңы тұрғызыл­ған. Ақылы автотұрақ автоматтандырыл­ған (KAPS). Жаңа терминал транзиттік жо­лау­шылар қозғалысын арттырды. T1 терминалында ECAC Standard-3 талабына сай нақты уақыт режиміндегі томография техноло­гия­сын қолдануға арналған жаңа багажды ск­рининг жүйесі бар. Бұл – жүк тиеу жыл­дам­дығы 1800 бірлікке жететін кластық жаб­дық жүйесінде ең өнімдісі. Соңғы тех­нологиямен жабдықталған терминалда жолаушылар қауіпсіздігі мен олардың жай­лы сапар шегуі үшін барлық жағдай жа­салған.
«Жаңа терминал әуежайдың қуатын арт­тыру үшін салынды. Ескі T2 терми­­на­лының сыйымдылығы жылына 3 млн жолаушы болса, халықаралық рейстердің жаңа терминалы жылына 5,2 млн жо­­лау­шыны құрады. Қазіргі уақытта әуежай­дың өт­кізу қабілеті жылына 8,2 миллион ­жо­лаушыға жетті. EXPO – 2017 көр­месінде жо­лаушылар ағыны 25 пайызға артып, 1,5 мил­лион жолаушыны құрады. Со­нымен қа­тар біз халықаралық бағыт­тардың 50 пайыз­ға, ішкі рейстердің
30 пайызға арт­қанын байқадық. 2017 жылы Варшава, Хе­льсинки, Батуми, Ереван, Дели, Буда­пешт, Бейжің, Стамбұл (аптасына +21 халықаралық рейс) секілді шетелдік және отандық ком­паниялардың әуе бағыттары ашыл­ды», – дейді әуежай басшысы.
Қолдағы дерекке сүйенсек, көктемгі-жаз­ғы навигацияда астаналық әуежай кү­ніне 17 мың жолаушыны, ал күзгі-қыс­қы навигацияда 12 мыңға жуық адамды қа­былдай алады. 2017 жылы жолаушы та­сымалы 4,2 млн жолаушыны құраған, биыл Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуе­жайы 4,8 млн жолаушыға қызмет көр­сетуді жоспарлап отыр екен.
«Әуежайдың алдағы жоспарына кел­сек, алда дамыту жұмыстарын жал­ғастырамыз. Әуекомпаниялармен бір­­лесіп жасаған жоспарлар негізінде тран­зит­тік жолаушылардың қозғалысын арт­тыруға күш саламыз. Алдағы уақытта әуе айлағын кеңейтеміз. Қазіргі кезде қосымша жасанды ұшу-қону жолағының техни­калық-эко­номикалық негіздемесі жа­салды. Оның құрылысы 2-3 жылға жос­парланып отыр. Әрине, бұл әуе­жайдың мүмкіндігін айтарлықтай кеңей­теді», – дейді Рәділбек Әдимолда.

Абылайхан ЖҰМАШ