Ел ертеңі – білімді балаларда

0

Елбасы биылғы Жолдауында мұғалімдер мәртебесін көтеру туралы бастама ұсынды. Бұл тегін болмаса керек. Себебі, ата-аналармен қатар ұстаздар да – болашақ ұрпақты, болашақ адами капиталды қалыптастырушы.

Н.Назарбаев үнемі болашақ ұр­пақты тек технократтық бағытта ғана емес, елі мен жерінің тари­хын терең білетін, әрі Отанын мақтан ететін, саналы ұрпақ тәр­биелеу керектігін басты назарда ұстайды. Бұл туралы соңғы жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да атап өтті. Осыған орай Алматы қаласындағы №33 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне арналған мәде­ни іс-шара өтті.
Қазіргі мектеп оқу­шы­ла­рының патриоттық рухы жаман емес. Құлдық санадан азат, нағыз тәуел­сіз елдің ұрпақтары екенін дәлел­деп келеді. Алматы қала­сындағы №33 мектеп-лицейінде 6 «ә» сы­ныбы өткізген «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты әдеби-сазды кеш осы ойымызды одан әрі ор­нықтыра түскендей болды. Оқу­шылар кеш бары­сында Пре­зидент Н.Назар­баев­тың балалық шағы, өскен ортасы мен шың­далған еңбек орындары туралы мағыналы баяндамалар жасады.
Балалардың ел тарихын терең түсінетінін, ел басынан өткен талай нәубетті де жүрек­те­рінен өткізе отырып, тәуелсіз­дік­тің шын бағасын сезінетіні бай­қа­лады. Бәлкім, бұл жағдайға сынып жетекшісі Г. Ибраеваның тарих­шы болғаны да әсер еткен бо­лар. Балалар тек білімді ғана емес, өнерлі де. Шараның рес­ми бө­лімінен кейін өнер­лерін ор­таға салып, жиналған қауымды бір серпілтіп тастады. Ұрпа­ғы­ның білімді, саналы, рухани бай болып өсуі кез келген ата-ананы, кез келген ұстазды қуанышқа бө­лейді. Бүгінгі өнерлі, талапты, бі­лімді балалар ертеңгі Елбасы атап өткен сапалы адами капит­ал­ды құрайтыны анық. Ал еліміздің ертеңі – сол заманынан оза туған ақылды ұрпақтың қолында.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ