ШҚО-да бесінші қабаттан секіріп кеткен тұрғын аман қалды

0

ШҚО-да тұрғын үйдің 5-қабатынан секірген түрғын тірі қалды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 22 наурыз күні Өскемен қаласындағы Қабанбай батыр, 164 мекенжайында болды. Тұрғын бірінші қабаттағы нысан маңдайшасына құлап кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу жұмысын бастады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген баспасөз хабарламасында.