Бойжеткенді соққыға жығып, шашын қиып тастаған қыздар жаға ұстатты — новости Казахстана

0

Желіде бір топ қыздың өзімен қатарлас аруды аяусыз соққыға жығып, шашын қиып тастаған видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткенді соққыға жығып, шашын қиып тастаған қыздар жаға ұстатты

Скриншот: Видеодан алынған кадр

Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған видеода қыздардың жасы небәрі 15-17 жас аралығында екені жазылған.

Елді шошытқан роликте бірнеше бойжеткеннің жәбірленуші қызға балағат сөздер жаудырып, оның шашын қайшымен қиып тастағаны көрінеді.

Ол аздай, бұзақылық әрекет жасаған жеткіншектер зардап шегушіні әбден тепкілеп, боқтық сөздің астында қалдырған.

Видеоны көрген желі қолданушылары қыздардың мұндай айуандыққа баруына не себеп болғанын білмей дал болды. Олар жантүршігерлік әрекетке барған бұзақылар заң алдында жауап беруі тиіс деп есептейді.

Осы орайда, ІІМ аталмыш роликке қатысты жауап берді.

Ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, бір қызға жабылған төбелес қатысушылары анықталып жатыр екен. Жеткіншектердің үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар