Гүлзира Айдарбекова: Бір емші «саған үш күннен соң жамандық барады» деді

0

Бетіне бір емес, бірнеше рет сұлулық екпесін салдырып, артық қылам деп тыртық қылған Гүлзира Үсенқызы айнаға қарауға қорыққан кездерін еске алды. Продюсер өзін бір мәрте емдеген емшінің қарғап кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарламасындай айтылды.

Продюсердің айтуынша, жарнама жасау арқылы жасарудың еш зияны жоқ.

«Жарнамаға да жақсы ота жасатуға болады. Себебі ел менің бетіме қарап оларға барады. Егер менің бетім жақсы болып тұрса, менікі секілді жасағысы келеді. Егер маған ота жақсы жасалмаса, мен жарнамаламаймын. Маған халықты алдаудың керегі жоқ», — деді продюсер.

Гүлзира ханым өзіне ем жасаған емшінің қарғап, жаман сөз айтқанын еске алды.

«Бір емшімен кездесіп қалдым. Ол кісі маған ем жүргізбек болды. Бетімді уқалап емдегендей болды. Бірақ одан кейін он күндей ем қабылдап, барған жоқпын. Кейіннен мен емшінің журналисімін деп біреу хабарласты. Емші туралы сұхбат алайын деді. Мен ол кісіге емделмегенімді, нақты ем алмағанымды айттым. Сөйтсем емші апам хабарласып, маған аузына келгенін айтып жатыр.

«Гүлзира болсаң, өзің үшін Гүлзирасың» деді. «Күте бер, саған үш күннен соң жамандық барады» дейді. Мен барыншы сабырлық таныттым. Сыпайы түрде жеткіздім. Жүйесіз қарғыс иесін табады деген. Артық сөйлемеңіз. Сіз құдай емессіз деп ескерттім. Оның не айтқанының бәрі менде жазулы. Мен ол кісіні мақтап жарнамалауым керек болған екен. Мен білмей жатып қалай мақтаймын, қалай жарнамалаймын?», — деді продюсер. 

Түрлі инъекциялар, ине, жіп арқылы бет терісін тартып, косметологиялық соңғы үлгілердің барлығын жасап көрген Гүлзира ханым қартаюды тоқтату үшін бір ғана әдіс тауып, соны ғана ұстанып жүргенін айтады.

50 жастан асқан шағынде бетіндегі қатпарлы әжімдерден құтылып, жасарып шыға келген продюсер қыз-келіншектерге өзінің елден жасырып жүрген құпиясын айтты.

Гүлзира Айдарбекова отандық косметологиялық процедураға жүгінеді. Бетіне массаж жасау арқылы әжімдерін тартып, жас көрінеді. Бұл өзінің сөзі.

«Менен бәрі «бетіңе ота жасатқансың ба?» деп сұрайды. Мен көзімнің үстіндегі майды алдырғанын бұрынырақта. Бетіме ота жасатқан жоқпын. Тек массаж жасаттым. Қытайда, Таиландта, Мәскеуде, шетелдің барлық жерінде масаж алғанмын. Соның ешқайсысы өзімізге жетпейді. Жақында отандық косметологтерге жүгіндім. Маған нәтижесі ұнады. Бетім жасарғандай сезінім жүрмін. Тұрақты массаж жасатамын. Олар туралы шын жүрегіммен жарнама жасадым. Себебі шынында да жақсы жасайды. Өзіміздің қазақтың қыздары сондай өнерлі деп ойламаппын», — деді продюсер ханым.