Болат Назарбаев: Ағамнан осы күнге дейін бір қызмет сұрап көрген емеспін

0

Алматы облысының құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев ағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ара қатынасы жөнінде айтты. Елбасының өмірде ағасы ғана емес, әкесіндей жол сілтер адамы екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бұл туралы меценат журналист Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында айтылды.

Болат Назарбаев елбасының туған інісі. Өзіне ғана емес, бүкіл қазаққа басшы болған бауырын әкесі ретінде құрметтейді. Аға мен іні арасында ерекше сыйластық бар.

“Мені елдің бәрі қиындық көрмеді деп ойлайды. Бәрі оңайшылықпен келмейді. Мен ағамнан осы күнге дейін бір қызметті сұрап көрген емеспін. Мына қызметте істегім келеді деп сұранған емеспін. Ағама ешқандай ауыртпалық салып көрмедім. Басың жұмыс істесе, фамилиясы да жетеді дейді ғой. Жұмысымның бәрін осылайша өзім жүргізіп кеттім”, – деді елбасының інісі.

Айтуынша, ағасын ерекше құрметтейтіні соншалық жатып алып телефонмен де сөйлесе алмайды екен.

“Ағам телефоныма хабарласып қалса, орнымнан тұрып кетем. Тіпті әрі-бері жүріп кетем. Жатып алып сөйлесе алмаймын. Бұл қорыққандық емес. Бұл ағаға деген құрмет. Ол кісі маған әкемдей болып кеткен адам. Әке орнына әке болып жүр. Сондықтан құрмет тұтам”, – деді Болат Назарбаев.