Тоқаев: «Абай даңғылы? 2 млрд. тг. не үшін қажет? Әлде басқа себептері бар ма?»

0

Алматы қаласын одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде президент тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы Алматы үлкен айналма күре жолын қаланың орталығымен байланыстыратын жолдар туралы пікірін айтты.

– 2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығындарды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма? – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.